ЖЕКЕШЕЛЕНЕТІН НЫСАНДАР ТІЗІМІ ӘЗІРЛЕНЕДІ
Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Премьер-Министр өз сөзінде кешегі Үкіметтің отырысында Президенттің жекешелендіру мәселесіне айрықша назар аударғандығын еске салып өтті.
«Үкіметке жекешелендіруді жеделдетіп, 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды. Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруге жататын нақты нысандар тізіміне қатысты Үкімет шешімінің жобасын енгізуі тиіс. Іс жүзінде сәйкесінше жұмыстарды бастадық та», - деді ол.
Үкімет басшысының айтуынша, аталған тізімге енетін нысандардың басым бөлігі ағымдағы жылдың ішінде жекешелендірілуі тиіс.
«Қаржы министрлігі ай сайынғы сатылымға мониторинг жүргізуі тиіс. Кестеден кез келген кешігу жазаланады. Яғни, бюрократияны алып тастау керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекет меншігінде және квазимемлекеттік секторда қалатын нысандардың тізімін әзірлеуді тапсырды. Аталған тізімге кірмейтін нысандар «Yellow pages» қағидасына сай келмеуіне байланысты жойылуы тиіс. 1 наурызға дейін бұл жұмыстар аяқталуы керек», - деді Сағынтаев.