ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына аса мән берілді.
Бірінші басымдықтың алтыншы бағыты бойынша Мемлекет басшысы урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартты. Алдағы уақытқа құрылыс секторының отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуына тиіс болуына тапсырма қойып отыр.
Тиімді тұрғын үй құрылысы саясатының арқасында алғашқы рет 2016 жылы Қызылорда облысында жарты миллион шаршы метрден аса тұрғын үй құрылысы салынды. 15 мыңға жуық жер телімдеріне жарты мың шақырымға жуық инженерлік желілер жүргізілді. Соңғы жылдардың өзінде облыс аудандарында да инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
2017 жылдан бастап Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылуы басталды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған бағдарламаның аясында ағымдағы жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына 1180 пәтерлі 23 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын салу қаралған.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласында «СПМК-70» мөлтекауданында 300 пәтерлі 5 тұрғын үй, Бейбарыс Сұлтан көшесі бойынан 200 пәтерлі 4 тұрғын үй, Жаппасбай батыр көшесі бойынан 580 пәтерлі 12 тұрғын үй және Титов қыстағында 100 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алу құқығынсыз Жаппасбай батыр көшесі бойынан 160 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда.
Жаппай тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында облыстық орталық және аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жұмыстары жалғасатын болады.
Қайрат БЕКЕНОВ,
Қызылорда облыстық құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы
басшысының орынбасары