ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАТЫН БАСТАМА
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласына да айрықша көңіл бөлінді. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Оған аудан халқының әлеуметтік әлсіз топтарының да қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілмек.
Елбасы заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді де тапсырды. Себебі, қазір дәрі-дәрмектер жеке сектордың қолында. Сондықтан да, елімізде дәрі-дәрмектердің біріңғай бағасы бекітілмеген. Ендігі кезекте, баға бір жүйеге топтастырылып, бақылау орнатылмақ. Бұл халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз.
Рахима СЕРАЛИЕВА,
№1 емхананың бас дәрігері,
Қызылорда қаласы.
Рахима СЕРАЛИЕВА,
№1 емхананың бас дәрігері,
Қызылорда қаласы.