ПРОКУРОРЛАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының ұжымы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады.
Жиынды ашқан облыс прокуроры Х.Дәуешов стратегиялық құжатта белгіленген басымдықтар алдағы уақытта нақты мақсаттарды айқындауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар, мемлекеттік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмылдыратынын атап өтті.
Басқарма бастығы Нұрлан Қалиев жиынға қатысушыларға стратегиялық құжаттың бес негізгі мақсаттары мен міндеті туралы, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты түсіндірді.
Жиында Жолдаудағы прокуратура органдарының қадағалау қызметін, салық саясатын жетілдіру, үш тілді оқуға кезең-кезеңімен енгізу, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту, діни экстремизм мен терроризмді, сыбайлас жемқорлықты насихаттаудың алдын алу мәселелері сөз болды.