ЕЛІМІЗ БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫМЫЗ, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІМІЗГЕ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ БАСУДА
Бүгін облыс әкімшілігінің өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселері жөніндегі Үндеуіне орай брифинг өтті. Брифингте «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гульчин Гейдарова өз ой-пікірлерін ортаға салды.
– Жаңа дәуір қарсаңындағы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Үндеуінде еліміз үшін аса маңызды мәселелер ұсынып отырғанын қадап айтты. Құнды құжатта саяси жүйені жаңартудың сабақтастығы жалғасын табады. Ол Отанымыздың, бейбіт қоғамның демократиялық тәуелсіз бағытын одан әрі тереңдете түседі. Елбасының арқасында Қазақстан 25 жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Оны бүгінде бүкіл әлем мойындады, - деді У.Серікұлы.
Ал Г.Щербакова Елбасының биылғы 25-ші қаңтардағы билік бөлінісіне байланысты айтылған ұсынысы мезгілінде білдірілген бастама дейді.
– Біздің тәуелсіз ел атанып, бейбіт аспан астында халықтар достығын ту етіп, татулық, ынтымақтық, ауызбіршілік аясында өмір сүріп келе жатқанымызға ширек ғасырға жуық уақыт болды. Осы жылдар ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Бүгінде еліміз баянды болашағымыз, кемел келешегімізге қарышты қадам басуда. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылдық. Ендігі мақсат қаржылық дағдарысқа, басқа да кедергілерге қарамастан өркениетті елдің қатарына қосылу. Ол үшін біз бірегейлікті сақтай отырып, бірлікті нығайтуымыз қажет, - деді.
Г.Гейдарова болса көп этносты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан еліміз 25 жылдық даму жолынан мүдермей өткендігін, алдағы уақытта биік белестерді бірлік пен татулықтың арқасында бағындыруға үлестерін қосатынын тілге тиек етті.