АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ ӨТТІ
Кеше аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жергілікті тұрғындар алдындағы қорытынды есепті кездесуі болып өтті.
Есепті кездесуге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Н.Пірімов және өзге де облыстық басқарма басшылары мен орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Арнайы басқосу барысында ең алдымен аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Ә.Үмбеталиев 2016 жылдың 12-айында аудандық жергілікті полиция қызметімен қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Онан әрі, Арал қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы Арал қаласының әкімі Б. Махатов хабарлап өтті.
Ал, аудан басшысы М.Оразбаев болса ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап және алдағы атқарылатын міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, 2016 жылы ауданға 5,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуға қол жеткізіліп, ел экономикасында болып жатқан қиындықтарға қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындары 7,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген.
Сонымен қатар, индустрияландырудың екінші кезеңі бойынша ауданда 3 жоба іске қосылған. Оның бірі – өткен жылы ауданға Үкімет басшысы ресми іс сапармен келген кезде «Аралтұз» кәсіпорны жанынан ашылған заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны. Қазіргі таңда, аудан территориясынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жеке кәсіпкерлердің «В» және «С» санатты жол маңы сервистік қызмет көрсету нысандары бой көтеріп, халыққа қызмет көрсетіп отырса, үстіміздегі жылы тағы бір нысан пайдалануға берілетін болады.
Аудандағы қарқын алған балық шаруашылығына келсек, 2016 жылы ауданда 7100 тонна балық ауланып, 4057 тонна балық өңделген, әрі тұрақты түрде Еуропа мемлекеттеріне экспортталуда.
Сондай-ақ, ауданда өткен жылы 15 елді мекенге жарықтандыру жүргізіліп, Атанши ауылдық округінде №230 орта мектептің жаңа ғимараты және Тастүбек елді мекенінде демеушілердің қолдауымен бастауыш мектептің құрылысы пайдалануға берілсе, биылғы жылы 6 апатты жағдайдағы мектептің құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне берілетін болады.
Осылайша өткен жылдың қорытындысын тізбектеген аудан басшысы есеп беру барысында өңір экономикасын әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 17 өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отырғандығын, оның ішінде «Кальцилендірілген сода өндірісі» жобасы үстіміздегі жылы басталатындығын жеткізді.