КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕН ИРАНДЫҚ ІСКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы делегациясының қызылордалық кәсіпкерлермен В2В кездесуі өткізілді.
Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мақсатында Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы делегациясы 1-2 ақпан аралығында Қызылорда облысында іс-сапармен болды.
Ирандық делегаттардың Сыр өңіріне сапарының мақсаты облыс аумағындағы тауық өсіру мен тауық еті өндірісі, балық және мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, жылыжай салу, қайта өңдеу салаларындағы жобалармен танысу, сондай-ақ өздерінің технологиялар мен озық әдістерімен бөлісу.
Кездесу барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қонақтарды Кәсіпкерлер үйінің жұмысымен таныстырып, одан әрі кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді бірге талқылауға шақырды.
Ирандық делегаттар тарапынан Мазандаран провинциясы губернаторының саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Юнеси Ростами Голамреза Алиджан мен Мазандаран провинциясы сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшаруашылығы палатасының президенті Мохаджердараби Абдолла Ебрахим мырзалар сапарларының мақсаттарын айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Бұдан кейін Мазандаран провинциясы сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшаруашылығы палатасының президенті Мохаджердараби Абдолла Ебрахим мырза мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Жалпы ирандық кәсіпкерлер өңірде құс фермасын ашуға, егін, мал шаруашылығына қатысты қызығушылықтарын білдірді. Кездесу соңында қос тарап алдағы уақытта іскерлік байланысты жетілдіруге келісіп, қызылордалық бизнес өкілдері жақын күндері Ирандағы бизнестің жүргізілу барысымен танысатын болып тарқасты.