ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Қармақшы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауданда 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы тұрғындармен қорытынды есепті кездесу өткізді.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары С. Қожаниязов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов, аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесуде аудан әкімі С.Мақашов, аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция майоры Бағдат Ақтаев, Жосалы кентінің әкімі Асқар Мереков өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Есеп беру барысында тұрғындар тарапынан азық-түлік бағасын тұрақтандыру, көшелерді жөндеу, түнгі уақытта көшелердің жарықтандырылуы, ғимараттардың жөнделуіне байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов сөз алып, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды.
Жиынды аудан әкімі С.Мақашов қорытындылады.