МАЛ ҰРЛАП, ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ШЫҒЫН КЕЛТІРГЕН
Мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында өткен жылы жасалған мал ұрлығы қылмыстары ашылды.
Сырдария ауданы Ақжарма ауылының тұрғыны өткен жылы желтоқсан айының 18-нен 19-на қараған түні мал қорасынан белгісіз біреулердің 4 қойын ұрлап кетіп, 120 000 теңге көлемінде мүліктік шығын келтіргені туралы Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне арызданады. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 2 азамат анықталып, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Тергеу жұмыстары барысында аталған күдіктілердің бұдан бөлек 3 мал ұрлығына қатысы барлығы анықталды. Яғни 13 қарашада аудан тұрғынының 3 бас қойын ұрлап, 140 000 теңге көлемінде шығын келтірсе, 15 қарашада тағы бір ауыл тұрғынының 5 қойын, 25 қарашада бір азаматтың 4 қойын ұрлап, біріне 200 000 теңге, енді біріне 120 000 теңге мүліктік залал келтірген. Атап өтерлігі, ұсталған азаматтар бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ойларын түнгі мезгілде жүзеге асырып отырған.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.