ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ҚАЛА АКТИВІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау бойынша Қызылорда қаласының идеологиялық актив жиыны өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Актив жиынына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, қалалық мәслихат депутаттары, кент, ауылдық округ әкімдері, сала басшылары, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ, саяси партиялар өкілдері қатысты.
Жиында экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге бағытталған үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығы туралы айтылып, содан туындайтын міндеттер сараланды. Сонымен қатар, Елбасымыздың Қазақстан халқына жариялаған Үндеуінен туындайтын билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу реформасы да талқыланды.