ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАТЫНЫ СӨЗСІЗ
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласына да айрықша көңіл бөлінді. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Оған аудан халқының әлеуметтік әлсіз топтарының да қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілмек.
Әлемнің ағымына ілесу үшін, ең алдымен Қазақстан халқы жаңа технологияларды игерген, білімді, бірнеше тілдерді еркін білуі шарт. Себебі, еліміздегі адам капиталы сапасы жақсарып, дамыған жағдайда біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндігіміз арта түспек.
Елбасы заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді де тапсырды. Бұл да халық мүддесінен шығатыны шүбәсіз.
Жайлыбай Құдайбергенов,
амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
Елбасы заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді де тапсырды. Бұл да халық мүддесінен шығатыны шүбәсіз.
Жайлыбай Құдайбергенов,
амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері