БЮДЖЕТ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТЫН САҚТАДЫ
Былтыр аймақтың экономика салаларында 11206 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның 9873-і тұрақты жұмыс орындары. Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық бюджеттік жоспарлау және экономика басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова мәлімдеді. Брифингке сондай-ақ, қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев пен Қызылорда облысы бойынша статистика департаментінің басшысы Мәриям Баекеева қатысты.
Ведомоства басшысының айтуынша 2016 жылы бюджет өзінің әлеуметтік бағытын сақтаған. Бюджеттегі 238,1 млрд теңгенің (2015 жылмен салыстырғанда 55 млрд. теңгеге артық), 56,4 пайызы (134,3 млрд теңге) әлеуметтік салаларға жұмсалды.
- Соңғы 5 жылда бюджет көлемі 2 еседен аса өсті. Мысалы, 2012 жылы республикалық бюджеттен бөлінген әлеуметтік трансферттер көлемі 108,4 млрд теңге болса, былтыр ол 177,1 млрд теңгеге дейін артты. Өткен жылы бюджет кірісі 100,6, ал шығысы 99,5 пайызға орындалды, - деді қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев.
Есепті кезеңде жекешелендірудің екінші кезеңіне орай облыс бойынша коммуналдық меншіктегі 5 ұйым мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» акционерлік қоғамына қарасты 6 мекеменің тізбесі жасалып, 2 мекеме толық жекешелендірілді.