НЕГІЗГІ БАҒЫТ — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
ҚР Президентінің биылғы Жолдауының негізгі бағыты – экономикалық өсім. Өйткені, Қазақстан заман көшінен қалмауы тиіс. Бизнесте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында жоғары технологияларды енгізу, оларды игеру, сондай-ақ, сандық салада өз стартаптарымызды дамытуға жағдай жасау тапсырылды. Бұл орайда, енді тұтастай мемлекеттік бағдарлама да қабылданады, халықаралық технопарктер де құрылады. Бұл еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер, даму бастауы, жарқын болашақ бағыты.
Ел болашағын көрегенділікпен болжай білетін Елбасы Н.Назарбаев Жолдаудан бұрын халыққа биліктің арасындағы өкілеттіліктерді бөлу туралы Үндеуін де жария етті. Бұл Үндеу арқылы мәселенің маңызды, әрі тағдырлы екенін ұғындық. Мұндай шешімге Елбасы ел мүддесі мен заман талабына сай, ұрпақ болашағын ойлағандықтан барғанын айтты. Үндеуде мемлекетіміздің демократиялық бағытының одан әрі дамуы, саяси жүйесінің сабақтастылық ұстанымы сақталған. Мұнан әрі бұрын Президенттің құзырында болған 40-қа жуық өкілеттілік Парламент пен Үкіметке берілетін болады. Яғни, реформа аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің ролі күшеймек. Бұл бір жағынан мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесіне де серпіліс жасап, мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да ролін арттырады деп сеніміз. Мемлекет басшысының Жолдауы мен Үндеуі ел дамуына жаңа екпін береді деп білеміз.
Манат САДЫҚОВА,
Сырдария аудандық мәслихат депутаты
Манат САДЫҚОВА,
Сырдария аудандық мәслихат депутаты