КАЛЬЦИЛЕНДІРІЛГЕН СОДА ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ БАСТАУ АЛАДЫ
Арал аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жергілікті тұрғындар алдындағы қорытынды есепті кездесуі болып өтті.
Есепті кездесуге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Н.Пірімов және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Арнайы басқосу барысында ең алдымен аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Ә.Үмбеталиев 2016 жылдың 12-айында аудандық жергілікті полиция қызметімен қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Онан әрі, Арал қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы Арал қаласының әкімі Б. Махатов хабарлап өтті.
Ал, аудан басшысы М.Оразбаев ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, алдағы атқарылатын міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, 2016 жылы ауданға 5,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуға қол жеткізіліп, ел экономикасында болып жатқан қиындықтарға қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындары 7,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген.
Осылайша өткен жылдың қорытындысын тізбектеген аудан басшысы есеп беру барысында өңір экономикасын әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 17 өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отырғандығын, оның ішінде «Кальцилендірілген сода өндірісі» жобасы үстіміздегі жылы басталатындығын жеткізді.