НҰРОТАНДЫҚТАР ІСКЕРЛІК ӘРІПТЕСТЕР САНЫН АРТТЫРДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы әлеуметтік бағыттағы партиялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру мақсатында өңірдегі «Нұрай», «Жан-Арай», «Дәнекер», «Бақ - береке 2030» секілді ЖШС-тер және әлеуметтік бағыттағы бірқатар мемлекеттік мекемелермен Ынтымақтастық туралы меморандумға отырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Тараптар құжат бойынша Елбасы Жолдауын насихаттау, партияның Сайлауалды тұғырнамасы мен Саяси доктринасын және жобаларын жүйелі жүзеге асыру, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-көпшілік шаралардың маңыздылығын арттыру, азаматтық қоғам құндылығын насихаттауда тұрақты әріптестік орнатып, ынтымақтасып жұмыс жұмыс жасайтын болады.
"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша "Ынтамақтастық Меморандум партияның «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» жобалары аясында «Балалар ауылының» тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мен оларға қамқорлық шараларын ұйымдастыруға сондай-ақ, жұмыспен қамтылуына ықпал етеді".
Өз кезегінде "Жан-Арай" агроөнеркәсіп кешенінің директоры Бағдәлет Мақашов, бұл Меморандум, Елбасының ауылшаруашылығы саласын өркендетуде алға қойған тапсырмаларын сәтті жүзеге асыруда қабілетті, заману техникаларды жетік меңгерген қажетті мамандар жинақтауға кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік",- дейді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров, партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Басқарма басшысының айтуынша өңірімізде 29113 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Өткен жылы оның 415 жұмыспен қатылған. Демек, бұл Ынтымақтастық келісім - мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Кедергісіз орта» қалыптастыру және олардың тұрақты жұмысқа орналасуына жасалып отырған көмек екенін көрсетеді.