ЖАҢА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінде жеке күзет ұйымдары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулер мен өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жиын барысында жеке күзет ұйымдарының 2016 жыл көлемінде атқарған жұмыстары қаралып, Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қайрат Әлменов заңнамаға енгізілген өзгерістер талаптары жайлы айтты.
Мемлекет басшысы 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Күзет қызметі туралы» Заңға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабында жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратындардың арнаулы киімін оған құқығы жоқ адамдардың киіп жүруіне тыйым салынады. Сонымен қатар, «Күзет қызметі туралы» Заңның 15-бабы 4-тармағында да жеке күзет ұйымдарының күзетшілері олардың күзет қызмет субъектісіне тиесілі екендігін белгілейтін арнаулы киімде болуы қажет деп көрсетілген. Оның үлгілері және оны киіп жүру тәртібі ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 23 ақпандағы №142 бұйрығымен бекітілді.
Қазіргі таңда, аталған заң талаптарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы азаматтарға, күзет ұйымдары өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы шаралар өз дәрежесінде жалғасын табатын болады.