ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СОТ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облыстық соты жыл сайын өткізілетін «Жылдың үздік аудандық соты» байқауының жеңімпазын анықтады, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Байқаудың басты мақсаты сот билігінің беделін нығайту, сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, оң тәжірибені қалыптастыру, судья жұмысы білімін, шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру болды.
Жылдың үздік аудандық соты – сот ғимаратының көрінісі, сот жұмысын жоспарлау, талдау және ескерту алдын-алу жұмыстарының жағдайы, істерді қарау кезінде жеделдік және жасырын әуре сарсаңға салумен күресу, сот төрелігінің атқару сапасы, сот процестерін ұйымдастыру, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы технологияларды пайдалану, сот қызметі жөнінде ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету белгілері бойынша анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің ішінен жарып шыққан, соттардың жұмысын үздік ұйымдастыруда ерекшелік танытқан, Қызылорда қалалық соты 1 орынды иеленді. 2 орынға Жаңақорған аудандық соты лайық деп табылды. 3 орынға Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ие болды.