ЖОЛДАУДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында үштілді білім беру мәселесі көтерілді. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстанның жалпы ұлттық прогреске жете алмайтындығын ерекше атап өтті.
Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік болып отырғаны анық. Көптілді меңгеру деген ұғым - қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, әлемде Аристотельден кейін екінші ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани мұра қалдырып кеткендігі анық.
Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді білім беру мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны айқын.Үштілде білім беруге кезең-кезеңмен көшу жұмыстарына дайындық басталып та кетті деуге болады.
Үштілде білім беруде өзіндік іс тәжірибесі бар Назарбаев зияткерлік мектептері мен қазақ- түрік лицейлеріне облысымыздағы инновациялық мектептер бекітіліп беріліп, оларға әдістемелік қолдау көрсету міндеттелді. Біздің лицейімізге қала және аудан бойынша 9 инновациялық мектеп бекітілді. Қазіргі таңда жаратылыстану бағытындағы пәндердің терминологиясын меңгерту, тілдік деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті болып, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына кіруі үшін үштілді білім беру жүйесін жүзеге асыру қажеттігі туындап отырғаны анық.
Елімізде жүргізілген көп жылдық дайындықтың және қалыптасқан тәжірибенің нәтижесінде енгізілгелі жатқан білім берудің жаңа жүйесі мемлекетіміздің қарқынды дамып, тәуелсіздігіміздің баянды болуына оң ықпал ететініне сенімім мол.
Л. МИКЕЕВА,
№10 дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары