ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Жастарды ғылым мен техниканы меңгеруге шақырды. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Сондықтан болашағын зерделеген жастарға бұл жобаның берері көп деп ойлаймын.
Зейнеткерлердің зейнетақысын өткен жылғы деңгейден 20 пайызға арттыру, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемін өсіру, ең төменгі күнкөріс қайта қарастыру қуантарлық жағдай деп есептеймін.
Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халық түрлі қиыншылықтармен бетпе-бет келді. Бірақ, Елбасымыздың саясатының арқасында халық тығырықтан жол тауып, еңсесін көтерді, есін жиды. Ендеше, қазіргі дағдарысты да еңсеруге еліміздің әлеуеті жетеді. Өйткені, Қазақстан халқының мақсаты айқын, болашақ бағыты анық.
Дәуренбек Мадинов,
Арал аудандық мәслихатының хатшысы