ДЕПУТАТТАР СЫР ЕЛІНДЕ
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Мансұрхан Махамбетов, Майра Айсина, Асылбек Смағұлов, Наталья Жұмаділдаева Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыс активімен, ардагерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында халық қалаулылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы жайлы тарата айтты.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Жолдаудағы төртінші басымдық бойынша түсіндіріп берді.
- Биылғы жылы Елбасы Жолдауы жылдағыдан өзгеше болды. Президент жолдауда ен алдымен білім беру жүйесін өзгерту, оқу бағдарламаларын өз бетімен ізденуге бағыттау, үш тілді оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселелерін көтерді. Бұл қала мен ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты барынша азайтып, білім беру сапасының арттыруға негіз болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, тарихи құжатта «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайтындығы айтылды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Мұрат Бақтиярұлы.
Жиын барысында депутаттар индустрияландыру, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті, агрокәсіптік кешенді, білім, денсаулық сақтау салаларын қолдау шаралары туралы айтты.
Фариза ОМАРОВА