ҚАЗПОЧТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫНА ӨТУДЕ
«Қазпочта» АҚ клиенттерге қызмет көрсету қағидаты өзгертілетін, Қазақстан бойынша барлық Орталық бөлімшелердің модернизациясы жайлы хабарлайды.
«Бүгінгі күні елімізде 100-ге жуық бөлімше модернизация бағдарламасынан өтуде. Сонымен қатар, клиенттер арасында өзін танытып үлгерген әрі өзінің тиімділігін дәлелдеген сәлемдемелер супермаркеттері ашылуда. Бұл клиенттерімізге сервисті және қызметтерді ұсынудағы жеделділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін, жаңа көп функционалды бөлімшелер жобасы» - деп «Қазпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әнуарбек Әбдімомынов мәлімдеді.
Жаңартылған Орталық бөлімше енді клиенттер үшін бірнеше залдарға бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық залдар, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны, сәлемдемелер супермаркеті, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және айырбастау пункті.
Орталық залда клиенттерге қызмет көрсету форматы, ішінара, ыңғайсыз кабиналардың орнына – сәлемдемелер супермаркетіне алмастырылады.
Осы формат қазірдің өзінде өзін таныта білді. Ол компанияның өндірістік шығыстарын айтарлықтай қысқартуға, персоналға және қосымша алаңға қаражатты жұмсамай өткізу мүмкіндігін арттыруға, ал клиент үшін – сәлемдемені жіберуге және алуға арналған уақытты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, клиенттер үшін аптасына бес күн корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны жұмыс істейді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету орнына постамат, банкоматтар мен төлем терминалдары кіреді. Айырбастау пункті секілді, осы қызмет көрсету орны тәулік бойы жұмыс істейді.