САЛМАҒЫ КЕМ ӨНІМДЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылода облысы бойынша департаменті басшысы Ерқанат Кеулімжаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді.
Департамент басшысының айтуынша өткен жылы барлығы 51 іріктеу тексерулері жүргізіліп, 36 заң бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, тексерілген 48 өнімнің 8-і қаптама сыртында жазылған көрсеткіштерге сәйкес келмеген.
- Өнімдердің таза салмағын өлшеу нәтижесі бойынша: «Балшекер» қанты, «Алтын дән» жаймасы, «Бегемотик Бонди» бисквиттік тәттісі, «Лия» Манпары, «Бүлдірген-мүкжидек киселі», сәбізге арналған «Приправа», «Sulu» сабыны, «Узор» сабыны тауарларының қаптамаларында көрсетілген шамаға сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты департамент тарапынан заңды тұлғаларға қатысты заң бұзушылықтарды жою және жарамсыз өнімдер топтамасын айналымға шығаруға тыйым салу туралы нұсқамалар берілді, - дейді Е.Кеулімжаев.