57 ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ
Өткен жылы облыста 57 оқушы Ресей, Грузия және Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткізілген халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жүлдегері атанды. Бүгінгі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықаралық білім сайыстарына республикалық құрама команда сапында қатысқан №9 қазақ-түрік лицей-интернаты оқушылары Анарбай Қуаныш, Тілек Әли мен Мұхтар Азамат өз жетістіктері мен алған әсерлері жайлы бөлісті.
Білім биігін бағындырған шәкірттер арасында 11 сынып оқушысы Анарбай Қуаныш биыл Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін алып отыр. Бұл осы саладағы беделді сайыстың бірі.
- Жыл сайын өтетін «Орта білім беретін үздік ұйым» дәстүрлі конкурсының биылғы жеңімпазы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты 17 млн. теңге грант алды. Үш мұғалім республикалық «Үздік педагог –2016» байқауының жеңімпазы болып, әрқайсысы 2 млн. теңгеден иеленді, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев.