АЛТЫ МЫҢ БАЛАҒА КӘСІБИ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Облыстың жалпы білім беретін мекемелерінде дамуында іркіліс бар 3340 бала білім алып жатыр. Олардың 1580-і инклюзивті біліммен қамтылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев айтты.
Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 5 психо-медико-педагогикалық консультация, 7 психо-педагогикалық коррекциялық кабинет, 3 реаблитациялық орталық, 3 арнайы коррекциялық мектеп-интернат және 25 логопедтік пункт жұмыс жасайды.
«Былтыр облыста кәсіби коррекциялық қызмет 6 мыңнан астам балаға көрсетілді.Сонымен қатар, 35 мектепте білім алатын 460 мүмкіндігі шектеулі бала арнайы мамандармен қамтамасыз етілді», - деді басқарма басшысы.