ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖҮГІ САЛМАҚТЫ
Өткен үш жылда елімізде экономиканы қолдауға қосымша 1,7 трлн теңге жұмсалып, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламаларын іске асыру бағытында орасан жұмыстар атқарылуда. 25 жыл ішінде екі жаңғырудан өтсек, енді үшінші жаңғыруда әлемнің 30 озық елінің қатарына қосылу межесіне қарай тұрақты түрде қадам басатын боламыз.
Осы мақсатта жеделдетілген технологиялық жаңғыртулар, цифрлық технология арқылы жаңа индустриялы өркендетуге батыл қадам жасалып, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру міндеті тұр. Тау-кен, мұнай-газ кешендерінің стратегиялық маңызын сақтау, аграрлық сала – экономиканың жетекші драйверіне айналуына қол жеткізу, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс салуды әрі қарай дамыту мәселелеріне басымдық берілмекші.
Осы Жолдауда мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту, оның ішінде балабақша туралы айтылған немесе 3 жылда жекеменшік секторында мемлекеттіктен 3 есе артық балабақша ашылған. Мәселен, біздің облысымызда «Балапан» бағдарламасы межеленген 2020 жылдан бес жыл бұрын орындалғаны атап өтілсе, енді 1-3 жас аралығындағы сәбилер үшін де осы жолмен мемлекет көмектессе, елдегі 1-6 жас аралығындағы балалар толығымен балабақшамен қамтамасыз етілмекші.
Жолдауда салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу жайлы міндет қойылған. Яғни, қаражатты игерудің тиімділігіне қол жеткізу, қаражатты нақты экономикаға бұру, жергілікті жерлерге функциялар мен өкілеттіктерді батыл беру, осы өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермей, оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керектігі айтылған. Айта кететін мәселе, қазіргі кезде Үкімет пен Парламент жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында бірқатар Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, 2018 жылдан бастап ауыл, кент, аудандық бағыныстағы қалалардың дербес бюджетінің болуы жайлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы өзгерістер мен толықтыруларға біздің облыстан да ұсыныс сұратқан-ды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ауыл әкімдерінің қаржылық әлеуетін нығайту үшін аумақтан жиналатын табыс салығы мен әлеуметтік салықтан мәслихат бекітетін норматив арқылы үлес қаржы бөлуді ұсынғанымызбен, жобада қолдау таппауда. Мұндай тәжірибе кеңестік кезеңде жұмыс істеп, өзінің оң нәтиж есін бергенін аға ұрпақ өкілдері біледі. Осыны Үкімет пен Парламент ескергені жөн деп есептейміз.
Сонымен қатар, орта мерзімде инфляция деңгейін 3-4 пайызға жеткізу, 2021 жылға азық-түлік экспортын 40 пайызға көбейту, 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту, алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен, 2050 жылға қарай елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету міндеттері қойылды.
Бүкіл қазақстандықтар осындай межелердің толық орындалуына патриоттық сезіммен атсалысса, оның іске асатынына күмән жоқ.
Қалқазбек ӘЖІБЕКОВ,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері.