ҚЫЗЫЛОРДАДА 130 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Қала күні қарсаңында Қызылордада 3 түрғын үй пайдалануға беріліп, 130 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында – көп балалы және жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әлеуметтік жағдайы төмен ауылдық жерлерден көшіп келген отбасылар және жетімдер бар.
Қуаныш иелерін облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.
- «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында биыл Қызылорда қаласында барлығы 22 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 750 отбасы баспаналы болады. Елбасының салиқалы саясатының арқасында баспана мәселесін шешіп жатырмыз, - деді Қ.Көшербаев.