ЖҮЗДЕГЕН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын міндеттерді баян еткен есепті кездесуін аудан орталығында қорытындылады.
Ауданда халық саны 36787 болса, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайыз.
Өткен жылы ел игілігіне Еңбек ауылдық округінде ауылдық емхана ғимараты пайдалануға беріліп, Аққұм ауылына Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Алдаберген Бисеновтің бюсті орнатылды. Жалағаш кентінің 6 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Аққұм елді мекенін көгалдандыру бағытында аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Аққұм каналы қайта қазылды. 2016 жылы Мәдениет ауылынан бастап Жаңаталап ауылына дейінгі 12,5 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Былтыр аудан бойынша 753 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 110,7 пайызға орындалды.
Қызыл мия тамырын өңдеу зауыты өткен жылы қайта іске қосылды. Бүгінгі күнге зауытта 50 адам жұмыс жасайды. 2016 жылы ауданда барлығы 33 215,7 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Аудан бойынша мал шаруашылығы өнімдері есепті мерзімде ет өндіру 1,2 пайызға, сүт өндіру 1,0 пайызға, жұмыртқа 5,2 пайызға артты.
«Сыбаға» бағдарламасымен 2011 - 2016 жылдары аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы 47 шаруа қожалығы несиелендіріліп, барлығы 3402 бас жергілікті сиыр, 114 асыл тұқымды бұқа алды.«Құлан» бағдарламасы бойынша 90 бас Қамбар ата түлігі алынды.
Кездесу соңында аудан әкімі жыл бойы атқарылған келелі істерге тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне, сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар аудан басшысының тарапынан атқарылып отырған ауқымды істерге қанағаттанарлық деген баға беріп, өз ризашылықтарын білдірді.