ҚАРМАҚШЫДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған идеологиялық актив жиынында мәлімдеді.
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесінің ақсап тұрған жайы бар. Сондықтан осы бағытқа ерекше назар аударуымыз қажет. Бұл үшін азық-түлік өндірісіне инвестициялар тартуда және өнімдерін терең өңдеу бойынша зауыттарды құруда барлық күшімізді салуға тиіспіз,-деді аймақ басшысы.
Қ.Көшербаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ағымдағы жылы Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысын бастауды тапсырды.
Қ.Көшербаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ағымдағы жылы Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысын бастауды тапсырды.