ЖҰМЫЛЫП ЖЕЛКЕН БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының былғы жылғы дәстүрлі Жолдауының негізгі өзегі барша қазақстандықтардың әлеуетін арттыру, тұрмысын жақсарту – еліміздің экономикасын жан-жақты дамытудың жаңа формасын қалыптастыру.
Жолдауда Мемлекет басшысының тікелей ұсыныстары негізінде еліміздің алдағы экономикалық өрлеуінің одан арғы тетіктерін қалыптастыру шараларын жүзеге асыру тұрақты сипат алып отыр. Сондықтан бұл Жолдауды барлық мүмкіндіктерімізді іске қосуды талап еткен экономикалық құжат деп қабылдауға толық негіз бар.
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы таяуда ғана барша Қазақстан халқына өз Үндеуін жариялап, еліміздің саяси жаңғыруы мен демократиялық дамуының даңғыл жолын айқындауға бағыт берді. Еліміздің тұрақты дамуы жолында халықты жігерлендіріп, кемел келешекке деген сенімді күшейте отырып, Қазақстанның үшінші кең ауқымды жаңғыруға аяқ басқанын атап өтті. Қазіргі технологиялық құрылымның түбегейлі өзгерісі бізден экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшуді талап етіп отырғандығын, бұл жағдайда инновациялық жаңалықтарсыз, экономикалық дамудың жаңа деңгейіне өту қиын болатынын зерделегеп өзінің Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында жаңа бағыттарды ұсынды.
Мемлекет басшысының әлеуметтік мәселелерге айрықша мән бергенін де ерекше атап өткен жөн. Президент тұрғын үй құрылысы, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту әдеттегідей басты назарда қала беретінін мәлімдеді. Осы орайда еліміздің экономикасы тұрақты дамып, дүниежүзіне оң өзгерістерімен танылуы Мемлекет басшысы ұсынған жүйелі даму стратегиясы мен елдегі тұрақтылық пен бірліктің нақты нәтижесі екенін ерекше атап өтуіміз керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік» деген болатын.
«Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын бұл жаңғыру экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған жеделдетілген технологиялық, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал сапасын жақсарту, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес секілді негізгі бес басымдықты қарастырып отыр.
Ендеше «өзгеріс дауылы тұрғанда оған қарсы қорған емес, желкен тұрғызу керек» деп Елбасы өзінің осыдан бірнеше жыл бұрынғы бір сөзінде атап өткендей, біздер Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруда жұмылып желкен болуымыз қажет.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда
облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары