ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1 ақпанда, Қызылордада облыс активінің отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында белгіленген басымдықтар бойынша аймақты одан ары дамыту мәселелері талқыланды. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірде сәтті жүзеге асырылған бағдарламалар жайлы баяндап, Жолдау басымдықтарынан туындайтын алдағы міндеттерге кеңірек тоқталды.
- Мемлекет басшысы экономиканың толыққанды драйвері ретінде құрылыс секторын одан әрі дамытудың міндетін қойып отыр.
Тиімді тұрғын үй саясатының нәтижесінде алғаш рет 2016 жылы Қызылорда облысында жарты миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. 15 мыңға жуық жер телімдеріне бір жарым мың шақырымға таяу инженерлік жүйелер тартылды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жөніндегі ауқымды жұмыстар көп жылдардан кейін тұңғыш рет облыс аудандарында да қолға алынды,-деді Қ.Көшербаев.
Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, білім беру жаңа экономикалық өсудің орталық буыны болуы тиіс. Облыс әкімі мектепке дейінгі білім беру саласында 3 - 6 жас аралығындағы балаларға тәрбие мен білім беруді толығымен қамту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын Қызылорда облысы 2015 жылы мерзімінен бұрын орындағанын атап өтті.
- Бұған өңірде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда облыстағы балабақшалардың 70 пайыздан астамы осы жүйемен жұмыс істейді. Мемлекет 10 жыл ішінде 37 балабақша салып берсе, соңғы үш жылдың өзінде жеке сектор 380-нен артық балабақша ашты. Қызылорда облысының жағымды тәжірибесін Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өтті,-деді Қ.Көшербаев.
Стратегиялық құжаттың басқа да басымдықтары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Мысалы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту аясында облыста кәсіпкерлік үйі салынып, бір ай бұрын кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады.
Өткен жылы күріштен алынған рекордтық өнім, өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы - аймақтағы оң өзгерістердің айқын дәлелі.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев баяндамасының соңында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.