БІЛІМ БЕРУ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ОРТАЛЫҚ БУЫНЫ БОЛУЫ ТИІС
Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында адами капитал сапасын жақсартуға басымдық берді. Облыстық идеологиялық активте облыс әкімі Қ.Көшербаев Жолдау бағытынан туындайтын міндеттер жайлы тарата айта келіп, білім беру саласына да ерекше тоқталды.
- Елбасының мектепке дейінгі білім беру саласында 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді толығымен қамту туралы тапсырмасын біз 2015 жылы мерзімінен бұрын орындадық. Бұған өңірде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда облыстағы балабақшалардың 70 пайыздан астамы осы жүйемен жұмыс істейді. Егер де мемлекет 10 жыл ішінде 37 балабақша салып берсе, соңғы үш жылдың өзінде жеке сектор 380-нен артық балабақша ашты. Қызылорда облысының жағымды тәжірибесін Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өтті.
Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне енді бұл жұмысты 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту бойынша жалғастыруды тапсырамын. Бүгінгі күні балалардың бұл санатын қамту біздің облыста бар болғаны 5,5 пайызды құрайды.