ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТӨРТ НЫСАН АШЫЛДЫ
Қызылордада қала күнінде облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды. «Наурыз» шағын мөлтек ауданында 140 орындық «Сыр самалы» балабақшасы мен Қызылжарма кентінде 280 орындық «Сыр дидары» балабақшасы іске қосылды.
- Биылғы жылы Қызылорда қаласының өзінде ғана 16 жекеменшік және 2 мемлекеттік балабақшалар пайдалануға берілді. Мұның барлығы да Елбасының бүлдіршіндерге, оқушы жастарға жасап жатқан қамқорлығы,- деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек, бүгін тағы екі дәрігерлік амбулатория ашылды. Оның бірі - Ж.Махамбетов ауылында, екіншісі, Қызылжарма ауылдық округінде орналасқан. Соңғы 3 жылда өңірімізде 39 медициналық объектілер берілсе, биылғы жылы 18 жаңа нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.
Жаңа денсаулық сақтау нысанның жұмысына сәттілік тілеген облыс әкімі, дәрігерлік амбулатория ұжымына автокөлік кілтін табыстады.