БЕЙСЕНБІ КҮНІ ЕЛ АУМАҒЫНДА ТҰРАҚСЫЗ КҮН РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
2 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен бірге желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Қарағанды, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болжанады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ , бұрқасын болып, жел 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысының кей аумақтарында жаяу бұрқасын жүруі ықтимал, жел 18 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.