ҚАЗАҚСТАН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында нақты мәселелерді атап көрсете отырып, еліміздің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткенімізді атап өтті.
Биылғы жолдауда Елбасы тәуелсіз мемлекет ретінде өткен ширек ғасыр уақыт ішіндегі бірнеше жаңғыртулар болғандығын және сол жаңғыртулар арқылы жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканы қалыптастырып, уақыт өте келе еліміздің экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемде бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірген жетістігімізге назар аудара отырып, халықты алға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыртуды бастауға шақырды.
Осыған сәйкес бірінші басымдық бойынша заман талабына сай жаңа жағдайға бейімделу, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуды ұсынды. Бұл қадамның қазіргі таңда дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, қолайлылық пен жаңа сапа дарытып отырғандығын көріп жүрміз.
Еліміз бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустряландыруды жалғастыру. Елімізге шетел инвестицияларын тарту, тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу. Еліміздің экономикалық тұрақтылығы мақсатында тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендерінің стратегиялық маңызын сақтау және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мақсат тұтып отыр.
Сонымен қатар үстіміздегі жылы республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 15 жылда 1,5 миллион отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Бизнес, кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан қарқынды дамып келеді.
Бұл еліміз үшін қуанышты көрсеткіш деп ойлаймын. Көптеген өндіруші және өңдеуші салалар бой көтеруде. Қазіргі таңда шағын несие алу, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктері де біршама жолға қойылған. Үкімет пен әкімдерге үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін бизнесті қайта реттеу жөнінде жүйелі шаралар әзірлеу ді міндеттеу осы саланың келешегін кемелдендіре түсетіні сөзсіз.
Үшінші басымдық- макроэкономикалық тұрақтылық. «Бұл ақша –несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту» - деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде. Қазіргі дағдарыс кезеңінде инфляция деңгейін төмендету, ұлттық қор нарығын дамыту, салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан осы жағдайға баса назар аударуы негізсіз емес.
Төртінші басымдық бойынша «Адами капитал сапасын жақсарту». Президент жолдауда ен алдымен білім беру жүйесін өзгерту, оқу бағдарламаларын өз бетімен ізденуге бағыттауды, үш тілді оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселелерін көтерді. Бұл қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім беру сапасының азайтуға негіз болатыны сөзсіз.
Еркін ӘБІШЕВ,
Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы