АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТЕДІ
Мемлекет ауылшаруашылығын қолдаудың жүйесін қалыптастырды. Осының арқасында мал және егін шаруашылығы дамыды. Бірақ, қазіргі күн талабы алдымызға жаңа міндет қойып отыр. Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында да аграрлық сектор экономикамыздың жаңа драйвері болуы қажеттігін ерекше атап көрсетті. Облыстық идеологиялық активте аймақ басшысы Жолдау бағытынан туындайтын міндеттер жайлы тарата айта келіп, ауылшаруашылығы саласына да ерекше тоқталды.
– Өткен жылы Сыр диқандары ел тарихындағы егін өнімділігінің төртінші мәрте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді. Жоғары репродуктивтік дәндер мен жаңа технологияларды қолдану есебінен соңғы 3 жылда күріштің жалпы өнімі үш еседен аса артты.
Ал, облыстың негізгі ауылшаруашылық өнімдері 2012 жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Дегенмен, күріш біз экспортқа шығара алатын бір ғана тауар емес. Облыстың үлкен экспорттық әлеуеті бар. Саланың да толығымен экспортқа бағытталуына мүмкіндігі жеткілікті.
Сондықтан, облыс тарихында алғаш рет ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу рыноктарына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргіздік және оларды аграрлық сектордың әлеуетті мүмкіндіктерімен сабақтастырдық. Осы зерттеулер нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейін дамуының Агрокартасын әзірледік. Онда негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру мен өткізу рыноктарын кеңейтуді (әсіресе, Иранға, Қытайға және Ресейге) анықтадық.
Бірінші кезекте біз күрішке жаңа рыноктарды игеруді бастадық. Бізге Иранның үлкен рыногына жол ашылды, - деді аймақ басшысы.
Активте ауылшаруашылық басқармасына облыстың агрокартасын жүзеге асыру, экспортталатын тауарлардың түрін көбейту бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берілді.
Майлы дақылдар, бақшалық өнімдер, көкөністер, ет пен жүн өндірісін ұлғайта отырып, Парсы шығанағындағы елдерге (Иран, БАӘ), Орталық Азияға (Қытай) Шығыс Еуропаға шығу арқылы, экспорттық рынокты кеңейту қажет.
Ал негізгі дақыл күріш өндірісі бойынша ирандық сұрыптар өндірісін ұлғайтқан жөн. Жалпы 2021 жылға ауыл шаруашылығы тауарлары экспортын кем дегенде 3 есеге арттыруымыз қажет.