АШК ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысында құрылған арнайы түсіндірме тобы кездесу ұйымдастырды. Шарада негізгі ауыл тұрғындарына кооперативтерді түсіндіру жұмысы қаралды. Арнайы құрылған түсіндірме тобы құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары П.Сыздықов, ҚР Ауыл шаруашылы министрлігінің сарапшысы Д. Ғаниев, «Оңтүстік батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шарушалығы ҒЗИ» ЖШС директорының орынбасары Н.Әлібаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының директоры Б.Әбиев бар.
Елбасы Жолдауында аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверлеріне айналу керектігі айтылған. Еске сала кетейік, 2016 жылы облыс бойынша 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оларға барлығы 746 фермерлік шаруашылықтар біріккен. Ауылшаруашылық кооперативтерін түсіндіру үшін арнайы құрылған топ, 2-ақпаннан бастап барлық аймақтарда өз жұмыстарын бастайды.