ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар мен трансұлттық компанияларды тарту басымдық болып табылады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған идеологиялық активте осы мәселеге тоқталып өтті.
– Өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық сектордағы өндірістерді біздің аймақта құру бойынша инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру қажет. Қазіргі таңда осы секілді 2 жобамен жұмыс атқарылып жатыр (Шиелі ауданындағы цемент зауыты және Жаңақорған ауданындағы томат пастасын өндіру зауыты). Өндірістер спектрін кеңейту қажет.
Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары мұнай-газ саласында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қолданыстағы кен орындарының сарқылуына байланысты тек қана 2015-2017 жылдары мұнай өндіру көлемі 3 млн. тоннаға азайды. Республика бойынша қысқарған мұнайдың 70 пайызы біздің облысымызға тиесілі.
Экономиканы әртараптандыру бойынша мақсатты саясат жүргізіліп жатқанына қарамастан, аймағымыздың экономикасы үшін мұнай-газ секторы әлі де ұзақ уақыт шешуші рөл атқаратынын мойындаймыз.
Сондықтан, Энергетика министрлігімен бірлесіп жаңа көмірсутекті шикізат кенорындарын барлап іске қосу мәселесін шешудеміз,–деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы қатты пайдалы қазбалар жерқойнауының аз зерделенген учаскелерін жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау жөніндегі нысандар тізбесіне қосу мәселесін пысықтауды да тиісті құрылымдарға тапсырды.