ҚАЗАЛЫДА КОНСЕРВІ ЗАУЫТЫ АШЫЛАДЫ
Қазалы ауданында «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Консервіленген ет өнімдерін өндіру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нажмадин Шамұратов халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.
«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы» аясында «Сыр Маржаны» ЖШС-де 500 басқа арналып салынған мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңында 2016 жылы 628 бас мал сатып алынып, бордақыланды. Бүгінгі күні алаңның қуатылығы 3000 басқа ұлғайтылып, жұмыс жасауда. Бұған қоса, осы орынға консерві зауытын ашу жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазалы ауданы бойынша «Асыл-Ғани» ЖШС өндірісті әртараптандырып, жылыжай, өнім сақтау қоймасы мен бизнес-орталық салу жобасы қолға алынады.
Аудан әкімінің айтуынша, 2016 жылы аймақтық үйлестіру кеңесінен жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің «Сүбе шығару» жобасы да оң қорытынды алды.
«Балық өңдеу зауытында балық аулауға, тасымалдауға арналған көліктер және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген 10 бригада жұмыс жасайды. Жоба бойынша тәулігіне 5 тоннаға дейін балық сүбесін өндіру жоспарланып, 40 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда зауытта өңделетін балық өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мақсатында «Еврокод» алу жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті аудан әкімі.
Айта кетейік, статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазалыда 2016 жылдың 11 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 млрд. 694 млн.теңгені құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 9 млрд. 592 млн. теңге көлемінде өнім өндірілді. Жыл қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 100 пайызды құрайды деп күтілуде. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.