ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ МЕН ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуі мен Жолдауын талқылау мақсатында мәжіліс өткізді.
Мәжіліске басқарма және облыстың білім беру ұйымдарының қызметкерлері, аудандық және Қызылорда қаласының білім беру ұйымдары өкілдері қатысты.
Қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы алдағы жаңғыртулардың қисынды жалғасы, әрі перспективалық дамуы деп қабылдайтынын жеткізді. Үшінші жаңғырту – бұл мемлекетіміздің өсуі мен әлемнің ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қарқынды енуі үшін болашаққа бастайтын сенімді көпір деп бағалады.
Мәжілісте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Бердәулетов билік тармақтары өкілеттіктерін бөлісу туралы Елбасы Үндеуінің ел келешегі үшін маңызды екендігін атап өтті. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасын талқылауға білім саласының ұжымдары барынша атсалысып, үлестерін қосатыны жайлы айтылды.