ЖОБАЛАР ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛУЫ ТИІС
Инновацияны қолдау және оларды өндіріске жылдам енгізу жаңа индустрияны қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру қажет. Бүгін Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған идеологиялық активте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимге 2017 жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде жаңа технологияларды енгізудің мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырды.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында басым бағыттағы салаларда индустрияландыруды бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамытуға тірек жасай отырып өркендету қажеттігіне назар аударған болатын. 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі есеге ұлғайту міндетін қойды.
Біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақтар арасында бірінші болып индустрияландыру картасы жобаларын өзектендіру бойынша Картадан экспортқа бағытталмаған, бәсекеге қабілетсіз жобаларды алып тастау жұмыстарын жүргіздік. 50 жобаның 20-сын ғана қалдырдық. Енді индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды іріктеу кезінде олардың экспортқа бағытталғаны, бәсекеге қабілеттілігі және ауқымы негізгі критерий болып есептеледі. Қазір біз осындай 24 жоба бойынша нақты жұмыс жасаудамыз.
Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін Картаға кәсіпкерлікті қолдаудың кем дегенде 1 жобасын енгізуді тапсырамын,-деді аймақ басшысы.