ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 6 ЕСЕГЕ ӨСТІ
Мемлекет басшысы биылғы халыққа жолдауында еңбек өнімділігін арттыруды тапсырған болатын. Осы ретте облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активімен өткен идеологиялық кеңесте аймағымыздағы өңдеу өнеркәсібіне кеңінен тоқталды.
- Соңғы жылдары біз өңдеуші секторды тұрақты дамытуға қол жеткіздік. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ғана бұл саладағы өсім 15 пайызды құрады. Егер оны 2012 жылмен салыстырсақ өсім 52 пайыз. Осы саладағы еңбек өнімділігі 6 есе (республикада 2,4 есе) өсті.
Нәтижесінде өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 4 есеге, ал, аймақтық жалпы өнім құрылымында 3,5 есе өсті, - деді аймақ басшысы.
Нәтижесінде өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 4 есеге, ал, аймақтық жалпы өнім құрылымында 3,5 есе өсті, - деді аймақ басшысы.