ЖАҢА ТАЛАП БАҒЫТЫНДА ДАМУЫМЫЗ КЕРЕК
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өтіп жатқан идеологиялық активте облыс әкімі Қ.Көшербаев Елбасы жолдауына айтылған әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революциясының басталғандығын атап өтті.
- Елбасы алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту міндетін қойып отыр.
Оны жүзеге асыру үшін осы күрделі кезеңде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.
Мемлекет басшысы бұл міндетті іске асыру барысында бес негізгі басымдықты ұсынды.
Бірінші басымдық – бұл экономиканың жедел технологиялық жаңғыртылуы. Біз бұл бағытта алғашқы қадамдар жасадық – 2016 жылдың қарашасында электрондық коммерцияны дамыту тақырыбында бірінші халықаралық интернет-форум өткіздік. Осының нәтижесінде қазірдің өзінде билеттер сату онлайнына облыстық өлкетану мұражайы мен драма театр қосылды.
Нарық қазір жаңа технологиялар мен бизнес үлгілерді қолдану мен таратуға жаңа талаптар қоюда. Сондықтан біз бұл бағытты дамытуымыз қажет, - деді облысы әкімі.