ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ
Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қорытындылап, екінші ширек ғасырға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атауымен кезекті Жолдауын жолдап, жаңа деммен сенімді түрде аяқ басты.
Елбасының биылғы Жолдауы жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын төмендетпей, заманның жаңа үдерісіне сай дамудың даңғыл жолына түсуді бағдарлайды.
Жолдауда экономиканы жаппай цифрландыруға, ІТ саласын дамытуға, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторында жаңа индустриялар құруға, яғни, өндіріске жаңа технологияларды енгізу арқылы автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстарды атқару көзделген.
Сонымен қатар, еліміз шикізат өндірумен қатар, дайын өнімдерді шығарып, оларды экспорттауға басымдық беретін болады. Сол арқылы 2025 жылы шикізаттық емес секторды 2 есеге дейін ұлғайту міндеті тұр. Бұл өз кезегінде жаңа өндіріс орындарының құрылуына және жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндік болмақ. Сондай-ақ, халық арасындағы жұмыссыздардың, әсіресе жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жол ашылады. Осы ретте, жастар жаңа мамандық түрлерін машықтануға әр кез дайын болуы қажет.
Елбасы Жолдауына айқындалған екінші басымдық - бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Жаңа бизнес жобалары бар азаматтарға мол мүмкіндіктер ашылмақ. Бизнесін бастау үшін ауыл немесе қала тұрғындарына 16 млн. теңгеге дейін талаптары жеңілдетілген шағын несие беру көзделген. Осы арқылы елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру жоспарланған.
Жолдаудағы ең маңызды төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Әлемде жаңа технологиялар мен ақпарат ағымының тез өзгеруіне байланысты біз сол үдерістен қалмай, бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Бұл ретте ата-бабаларымыздан қалған тарихи-рухани мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді сақтай отырып, бүгінгі заманның талабына сай жаңа буынды қалыптастыру маңызды. Ол үшін үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында атқарылатын жұмыстар нақты көрсетілген.
Сонымен қатар, Елбасы нарыққа жаңа маман дайындап жатқан жоғары оқу орындарының білім беру сапасына баса назар аудару керектігі жөнінде айтылған. Олардың кадрлық құрамына, оқыту әдістемесіне, материалдық базасына баса назар аударып, талапты күшейтуді тапсырды. Биылдан бастап Елбасының бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылады. Жобаның басты мақсаты – жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастарды кәсіптік білім беру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу. Оқыту бағдарламалары жаңадан ашылатын өнідіріс орындарына арналған мамандарды дайындауға бағытталады.
Осы ретте, барлық жастарды Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен мол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстанды құруда Отан үшін аянбай еңбек етуге шақырамын.
Еркебұлан МЕҢЛІБАЕВ,
облыстық жастар саясаты
мәселелері басқармасының басшысы