ЕРТЕҢГЕ ЖЕТКІЗЕР КӨПІР
Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауын жолдады. Өткен жыл елімізде елеулі оқиғаларға толы табысты жыл болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып өтілді. Сонымен қатар, биылғы жылы бүкіл дүниежүзі көз тіккен дүбірлі дода-қысқы универсиада-2017 біздің елімізде өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация қатысуда. Қазіргі жаһандану заманында Қазақстанды әлем елдері мойындап отыр. Мұның барлығы біздің егеменді еліміз үшін үлкен мәртебе, жетістік.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» алдағы жаңғыртулардың қисынды жалғасы деп білемін. Үшінші жаңғырту – бұл мемлекетіміздің өсуі мен әлемнің ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қарқынды енуі үшін болашаққа бастайтын сенімді көпір. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда: болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететінін айта келіп, Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойды. Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет.
Анар ҚҰРМАНАЛИЕВА,
Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі