«СЫР МЕДИА» ҰЖЫМЫ ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ МЕН ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары өкілеттілігін бөлісу туралы Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Оған облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері, серіктестікке қарасты басылымдар басшылары мен журналистер, қатысты.
Жиынды «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев жүргізіп, Жолдаудың ел болашағы үшін маңызын атап өтті.
- Халық «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Елбасымыздың елімізді жауапкершілікке шақыра отырып, көтеріп отырған бастамасы Қазақстанды жаңа биіктерге бастайды деп сенеміз. Біздің міндет – Елбасы Жолдауын қолдау ғана емес, жүзеге асыру,- деді Аманжол Сақыпұлы.
Мұнан соң «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығының директоры Сәулет Сахиев биылғы Жолдаудың басты ерекшеліктеріне тоқталып өтті. IT технологияларды меңгерудің маңыздылығы жайлы баса айтты.
Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Шахарбан Нұртаева, серіктестік бас директорының бірінші орынбасары Марат Аралбаев, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов, осы басылым тілшісі Қазыбек Ботаев пен «Сыр бойы» газетінің қызметкері Ыдырыс Тәжіұлы Жолдауда айтылған бағыттарға тоқталып, жас мемлекетіміз үшін маңызын сөз етті.
Фариза ОМАРОВА