КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ОРТАҚ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов аймақтағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бағытында атқарылған жұмыстармен қатар, бірқатар проблемаларды да атап өтті.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының құрылғанынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 528 өтініш келіп түскен, оның ішінде 250-ге жуық мәселе бойынша кәсіпкердің пайдасына шешілді, сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып қалпына келтірілді.
Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі (68%) жер қатынастары, қала және қала құрылысы, газ, электр энергиясымен жабдықтаушы субъектілерінің әрекетіне байланысты.
Бүгінгі таңда, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 50 аса сот отырыстары өтіп, олардың 80% пайызы кәсіпкердің пайдасына шешілді.
Палата басшысы облыс орталығындағы мәдениет және демалыс паркінде жұмысын жүргізуші кәсіпкерлерге қатысты қабылданған шешімдерге де тоқталып өтті.
Палатада паркте 3 жылдан аса кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған және өз мiндетiн лайықты түрде атқарған кәсіпкерлерге қатысты шартты ұзақ мерзімге жасау мәселелері қаралуда.
Бүгінгі күні, Палата Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесе қалалық мәдениет және демалыс паркінде қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлердің мүддесін ескере отырып, қалалық мәдениет және демалыс паркін дамыту жоспары, концепциясын дайындауда.
Облыс орталығындағы орналасқан дүңгіршектерде түрлі қызметтер көрсетіп кәсіпкерлердің жер учаскелеріне қатысты да мәселе бар. Қала әкімдігі жер учаскелерін заңсыз пайдалануда деген себеппен кәсіпкерлерге алдын ала ескерту беріп, жерді қайтарып алуға жұмыс жасауда.
«Палатаға бүгінгі күні осы мәселе бойынша кәсіпкерлердің жазбаша өтініштері тіркелуде. Сонымен бірге жеке қабылдауда да күнделікті кәсіпкерлер өз шағымдарын білдіруде», - деген Палата басшысы өз өздерін қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің мәселесін шешу мақсатында жер учаскелерін «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясының меншігіне беріп, кәсіпкерлердің осы мекемемен жер учаскесін жалға алу келісім-шартын жасау арқылы иелену жолын қарастыруды ұсынды.