ЖАҢА ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДАМЫЗ
Жастар – елдің өсіп-өркендеуі жолындағы негізгі күш болып саналады. Ел ертеңі саналатын жастардың әрқашанда Елбасының салиқалы саясатын қолдап, халыққа деген Жолдауын жүзеге асыруға ықпал етуі заман талабы.
Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталған.
Экономиканың әлемдік өсімінің жоғарылауын қамтамасыз етуге және дамыған 30 елдің қатарына қосылуға жұмыс жасау мақсатында бес негізгі басымдыққа бөліп беріп, «Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауды «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты тақырыппен жариялады.
«Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек»,-деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Ал Елбасының биылғы Жолдауында бұның барлығы айқын көрініс тапқан. «Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр» - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев кейінгі ұрпақ үшін Қазақ елін өсіп-өркендеген елге айналдыру жолында маңызды Жолдауын жолдады.
Халықтың «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Елбасымыздың елімізді жауапкершілікке шақыра отырып, жаңа бастама – мемлекетіміздің үшінші жаңғыруына , баянды белестерге бастайды деп сенеміз. Біздің міндет – Елбасы Жолдауын қолдай отырып, жүзеге асыру.
Бауыржан ІЗМАҒАНБЕТОВ
Қазалы аудандық мәслихат депутаты,
Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.