ҚАЛА КҮНІНДЕ БІРНЕШЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Қызылордада «Қала күні» мерекесі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, халық игілігі үшін жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.
Мереке 17 қазан күні Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында «Мерей мәртебем–Қызылорда» атты салтанатты шарамен басталды.
Қаладағы Наурыз тұрғын ауданында «Сыр самалы», Қызылжарма ауылында «Сыр дидары» балабақшалары, Қызылжарма, Махамбетов ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, Бейбарыс Сұлтан көшесінде тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион алдынан жастарға арналған спорт алаңы ашылды.
18 қазан күні 19.00-де Орталық алаңда еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ұлттың рухани арнасы – қазақтың Қызылордасы» атты қала күніне арналған гала концерт өтеді. Мерекелік шара отшашумен қорытындыланады.
Сондай-ақ 19 қазанда қала күні мерекесіне орай облысқа қарасты барлық аудандардың ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін және қалаға қарасты ауылдық округтердің мерекелік концерттерін өткізу жоспарлануда.
Мереке «Сыр ана» монументінің жанында «Этно ауыл Қызылорда» атты облыс аудандары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының көрмесі, концерттік бағдарлама, ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстармен жалғасады. Мұнымен қоса, Орталық алаңда «Алтын күз-2014» атты білім мекемелерінің жәрмеңке көрмесі мен «Менің қалам – Қызылорда» атты қала өнерпаздарының мерекелік концерті өтеді.