ҰЛЫ МҰРАТ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Президент Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалықтарымен, жаңа идеяларымен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат болып саналады.
Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарда бірақ қиыншылықты бастан өткергенімен, бүгінде оның бәрі артта қалған жасампаз, бақуатты елге айналды. Еліміздің өркендеуі жолында озық техника мен технологияны меңгерген мамандар бүгінде сұранысқа ие. Елбасының Жолдауда айтқан: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деп атап өтіп, «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысты тапсырмасы ерекше ұнады.
Бүгінгі күні ел бірлігінің арқасында татулығымызды, толеранттығымызды қорғау арқылы, халқымыздың амандығын, жұртымыздың тыныштығын ұрпағымыздың бақытты өмірін сақтай аламыз деп ойлаймын.
Елбасы көрсеткен нақты жоспарды іске асыруға бәріміз жұмыла кірісейік.
Жасұлан АЛДАБЕРГЕНОВ,
облыстық «Жастар ресурстық
орталығы» КММ директоры