МАЛ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Мал ұрлаушы» жедел профилактикалық іс-шарасының барысында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 2017 жылғы 27 қаңтар күні түнгі сағат 01.00 шамасында Амангелді ауылдық округінің тұсында мал тасып бара жатқан «Газель» маркалы автокөлігін тоқтатып, автокөлікке тиелген 5 бас қой, 3 бас ешкі, 6 бас қозының құжаттары жоқ екендігін анықтайды. Азаматтардан түсінік алынып, олар өз жауабында аталған малдарды Амангелді ауылында бір азаматтан сатып алғандығын көрсетеді.
Сол күні таңға таяу Сырдария ауданының тұрғынының Амангелді ауылының сырт жағында орналасқан шаруашылығынан белгісіз біреулердің 5 қой, 3 ешкі және 6 қозысын ұрлап, жалпы құны 255 000 теңге көлемінде шығын келтіргені туралы аудандық ішкі істер бөліміне шағымданғаны белгілі болды.
Ұйымдастырылған жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жоғарыда аталған азаматтарға ұрланған 14 бас малды сатып, пайда таппақ болған 1987 жылы туылған қала тұрғыны ұсталады. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.